"Референдум керек емес": Жұманғарин уақыт белдеуіне қатысты сұраққа нүкте қойды

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин уақыт белдеуіне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Уақыт ауыстыруға қатысты шешім қабылдаудың белгілі бір ережесі бар. Үкімет қандай да бір шешім қабылдағанда, ол үшін міндетті түрде референдум өткізудің қажеті жоқ. Алқалық шешім бар. Бұл жағдайда шешім қабылдағанға дейін қажетті зерттеулер жүргізілген. Шешім белгіленген тәртіпке сай қабылданды – деді вице-премьер үкімет баспасөз орталығында өткен брифингте.

Бұған дейін Серік Жұманғарин импортқа қатысты сұраққа жауап бергенде "өзіне францияның өнімі ұнайтынын" айтқан еді. 

Жалпы импортты азайту күн тәртібінде тұрған мәселе. Ал оған қалай жетеміз деген мәселе бойынша министрліктің өз жоспары бар, - деп жауап берді Серік Жұманғарин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы