Референдум. Ерлан Қошанов өз таңдауын жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісі төрағасы Ерлан Қошанов референдумда дауыс берді.
Мәжіліс төрағасы «Қазақстан темір жолы» ғимаратында ашылған учаскеге келіп, Конституцияға енгізілетін өзгерістерге дауыс берді.
№110 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Замир Серіков учаскеге келіп дауыс беретіндердің саны тізім бойынша 2 818 адам екенін айтты.
Сайлаушылар учаскеге келіп, таңғы сағат 7:00-ден бастап дауыс беріп жатыр. Тізім бойынша 2 818 адам дауыс береді. Учаскемізде 7 үйдің тұрғындары дауыс береді. Таңғы 7-де 10-ға жуық адам алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Алғашқы үш адамға сыйлық бердік, - дейді комиссия төрағасы.
Оның сөзінше, осы учаскеде сағатына шамамен 50-100 адам дауыс беріп жатыр.
Учаскеде референдумның барысын қадағалап жүрген бақылаушылар да бар. Қазір 15 бақылаушы отыр. Олардың арасында партия мүшелері мен қоғам белсенділері, халықаралық бақылаушылар бар, - дейді Замир Серіков.