Референдум. Ел болашағы үшін дауыс береміз

Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қостанай облысының тұрғындары жұрт қатарлы таңнан тұрып, еліміздің ертеңі үшін рефрендумға қатысып, өз пікірлерін білдіріп жатыр. 

Тобыл өңіріндегі сайлау бөлімшелері таңғы сағат 7:00-ден бастап өз жұмысына кірісті. Осы орайда біз Қостанай облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Әсия Даунбаеваның пікірін білген едік.

Баршаңызға мәлім 2022 жылдың 5 маусымында елімізде Ата заңымызға енгізілетін өзгерістерге байланысты референдум өтіп жатыр. Облыс аумағында жергілікті уақыт бойынша таңғы жетіден бастап 735 сайлау бөлімшесі жұмысына кірісіп кетті. Сол бөлімшелерде 550 мыңнан астам сайлаушы тіркелген, - дейді Әсия Даунбаева.

Қостанай қаласындағы №10 мектепте орналасқан №74 сайлау бөлімшесіне алғашқылардың бірі болып Жұмағалиевтер  отбасы келді. Қос қария еліміздің Әнұраны ойнап болған соң  сайлау жәшігіне бюллетеньдерін салды.

Біз республикалық референдумды қолдағандықтан еліміздің, балаларымыздың болашағы үшін дауыс бердік. Біз Қасым-Жомарт Тоқаевты құрметтейміз және  алдағы оң өзгерістерге сенеміз. Біз бірде-бір сайлауды өткізіп көрген жоқпыз. Әрқашанда бөлімшеге  таңғы 7.00-де келеміз, - дейді ақсақал Жүкен Жұмағалиев.

Ол учаскеде алғашқылардың бірі болып Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев та дауыс берді.

Бүгінде еліміз үшін өте маңызды саяси оқиға.  Осымен мемлекет тарихында екінші рет референдум өткізіліп отыр. Бұл - біздің азаматтарымыздың еркін пікірі мен таңдау білдіруінің маңызды қадамы. Кәмелет жасқа толған әрбір  қала тұрғыны осы заңды құқығын пайдалануға мүмкіндігі бар. Мен өз құқығымды пайдаланып, түзетулер үшін дауыс бердім. Менің ойымша, қала тұрғындары мен бүкіл елдің пікірі бір мүддеде тоғысады деп ойлаймын, - деді қала әкімі Марат Жүндібаев.

Референдумның алғашқы сағаттарында сайлау бөлімшелеріне келген  қостанайлықтардың белсенділігі жоғары. Қазір келіп жатқандардың басым бөлігі негізінен аға буын өкілдері. Сайлау комиссиясының тәжірибелі мүшелерінің айтуынша, жастардың қатары түске жақын артады екен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы