Референдум. БАҚ-тың бас редакторларына арналған семинар өткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін орталық референдум комиссиясы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесе отырып, референдумға дайындық және оны өткізу мәселелері бойынша БАҚ-тың бас редакторларына арналған оқыту семинарын өткізді.

Орталық референдум комиссиясы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, онлайн режимінде қоғамдық бірлестіктер өкілдеріне арналған оқыту семинарын өткізді. Іс-шараға 130 адам қатысты.

Іс-шара барысында 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум туралы, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы, республикалық референдумды дайындау мен өткізу, қаржыландыру, үгіт, электораттық оқытуды ұйымдастыру, БАҚ өкілдерін аккредиттеу, сондай-ақ референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.

Семинардың спикерлері ретінде Орталық референдум комиссиясы тарапынан ҚР ОРК хатшысы Мұхтар Ерман, ОРК мүшелері Сабила Мұстафина, Анастасия Щегорцова сөз сөйледі.

Сондай-ақ семинарда Әділет вице-министрі Айгүл Мұқанова, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлинова, Бас прокурордың аға көмекшісі Азамат Сарғазин сөз сөйледі.

Семинар соңында Орталық референдум комиссиясының және уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері семинарға қатысушылардың сұрақтарына толыққанды жауап берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы