Референдум арқылы бір мәселені ғана қозғап жатқан жоқпыз – Айдар Әміребаев

Философия, саясаттану және дінтану институты Саяси зерттеулер орталығының директоры Айдар Әміребаев АЭС салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Айдар Әміребаевтың айтуынша, экономикамызды шынайы дамыту үшін энергетика саласын жаңа бағытта қамтамасыз етуміз қажет.

Референдум арқылы бір мәселені ғана қозғап жатқан жоқпыз. Бұл барлық экономикаға тиесілі. Болашақта экономика түрі, бағыты, даму қандай болатынын көрсетеді. Президент Қазақстанның жиынтық ішкі өнімін 2029 жылға дейін екі есе өсіру мәселесін алдымызға қойған болатын. Бұл жоспарды жүзеге асырудың негізі - экономиканың жүйесін жаңғырту мен дамыту. Осы жоспарға жету үшін экономиканың түрлі салаларында, оның ішінде энергетика саласында инновациялық технологиялар мен әдістерді қолдану қажет. Экономикамызды шынайы дамыту үшін энергетика саласын жаңа бағытта қамтамасыз етуміз қажет. АЭС құрылысын қоғам арасында біреу қолдайды, енді бірі қолдамайды. Осындай кереғар пікірлер референдум арқылы шешілмек. Болашақта, 2060 жылы жаңа технологиялық жүйеге көшкеніміз жөн. Референдумға қатысқанда осы ойды негізге алып, дауыс бердім,- деді Философия, саясаттану және дінтану институты Саяси зерттеулер орталығының директоры Айдар Әміребаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан
Өзгелердің жаңалығы