Референдум – әрбір адамның Жаңа Қазақстанды құруға өз үлесін қосу мүмкіндігі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков Қостанай облысының құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті,  деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі. 

Кездесуде еліміздің Негізгі Заңына енгізілетін әрі азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігін күшейтуге бағытталған өзгерістерді талқылады. 

Құқық қорғау жүйесін жетілдіру «Прокуратура туралы» Конституциялық заңды әзірлеуді көздейді. Прокуратура органдарының мәртебесін Конституциялық заң деңгейінде бекіту заңдылықты арттыруға, прокурорлар қызметінің кепілдіктерін нығайтуға ықпал ететін болады. Сондай-ақ прокуратураның жоғары қадағалау органы ретіндегі құқық қорғау әлеуеті күшейе түседі. Референдум – бұл әрқайсымызға Жаңа Қазақстанды құруға өз үлесімізді қосудың мүмкіндігі, - деді Владимир Волков.

Сенатор сонымен қатар орталық стадионда спортшылармен және жаттықтырушылармен кездесті және конституциялық реформаны талқылау бойынша сындарлы диалог өрістеді. 

Владимир Волков кездесу соңында алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы