Референдум-2022: 100-ге толған кейуана дауыс берді

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында алғашқылардың бірі болып Жаркент қаласының тұрғыны, 100-ге келген Зейнелхан Оспанова референдумға келіп, дауыс берді. 

12 құрсақ көтерген алтын алқа иегері саналы ғұмырындағы барлық саяси науқандарға белсенді қатысып келеді. Әсіресе соңғы 30 жылдағы барлық сайлау мен референдум есінде қалғанын айтады.

Ғасыр жасаған әже әркез жастарға үлгі болып, мемлекеттің іргесін нығайту бағытындағы өзгерістерге қатысуға тырысады дейді, референдум учаскесінің мүшелері. Дәстүр бойынша алғашқы дауыс берген адамға естелік сыйлық табысталды. Жалпы бүгін Алматы облысы бойынша 1053 учаске өз есігін айқара ашты. Өңірде дауыс беру құқығына ие электорат саны 1 млн 200 мыңнан асады.

Ұрпақтарым аман болсын! Артымыздағы жастар аман болсын! Жаркентіміз көркейе берсін, жақсарып. Қазақстанымыздың жақсы бір азаматтары болып өссін! Жастарымыз аман болсын! Өсе берсін! Қазағымыздың санын көбейте берсін,- деді Зейнелхан Оспанова. 
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы