Реанимацияда орын жоқ. Елорда стационарларындағы жағдай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирус стационарларының және бос орын жоқ реанимациялық бөлімшелерді видеоға түсіріп көрсетті.
Бұл жерде сіздің туыстарыңыз немесе өзіңіз болуы мүмкін. Ауру өте ауыр өтеді және өкінішке қарай жастар көптеп ауырып жатыр. Біздің барлық қызметкер тәулігіне 24 сағат пациенттердің өмірі үшін күреседі. Мұны жағдайдың қаншалықты ауыр екенін түсіндіру үшін түсірдім, - дейді видео авторы.Видеода бос орын жоқ елордалық ауруханалардың бірі көрсетілген. Барлық дерлік төсектер бос емес. Мұндай медициналық мекемелерде тек коронавируспен ауыратын адамдар жатыр.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, кадрларға № 1 көпбейінді қалалық аурухана мен № 3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасындағы жағдай түсірілген.
Біз жұқпалы аурулар ауруханасына айналғаннан бері, реанимацияда орын жоқ. Жағдайы ауыр науқастар көп, күн сайын көп адам қайтыс болып жатыр. Балалар да ауыра бастады. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарауыңызды сұраймын, - деді дәрігер астаналықтарға.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарулы Күштерде вакцина алғандардың саны 100%-ға жақындады
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы