"Реал" шабуылшысы Мбаппе жарақат алды
Мадридтік "Реал" командасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Испания чемпионатының сегізінші турындағы "Вильярреалға" (3:1) қарсы матчта жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports24.kz сайтына сілтеме жасап.
25 жастағы футболшының тобық жарақаты анықталған. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы алаңдауға себеп болатындай ауыр емес, ойыншының хал-жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.
Клубтың медициналық штабының мәліметінше, Мбаппе жақын күндері Франция құрамасына қосылып, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алдағы матчтарға қатыса алады.
Француздар екі кездесу өткізеді:
- 10 қазан – Әзербайжанға қарсы,
- 13 қазан – Исландияға қарсы.
Айта кетейік, Килиан Мбаппе биылғы маусымды өте жоғары деңгейде бастап, "Реал" сапында 10 матчта 14 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Депутат: Мұғалім мобилограф, блогер емес
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы