«Реал» «Манчестер ситиді» жеңе алмады
Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Реал» «Манчестер Ситимен» тең ойнады. Екінші кездесу 17 мамырда өтеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Алғашқы минуттардан бастап «Манчестер Сити» допқа иелік етті. Гвардиола командасы бірінші таймда 74 пайыз допты өзінде ұстады. Бірінші таймда «Реал Мадрид» Бензема мен Винисиус Джуниордың қарымта шабуылына сүйенді. Ойынның 36-минутына дейін Реал Манчестер қақпасына бірде бір соққы жасаған жоқ.
«Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Есепті бірінші болып алаң иелері ашты. 36-минутта Винисиус Жуниор «Реалды» алға шығарды. Матчтың екінші бөлігінде Кевин Де Брюйне 67-минутта есепті теңестіріп кетті.
Еске салайық, екінші жартылай финал матчты «Милан» мен «Интер» арасында өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ӘЧ. Ширек финалда қазақстандықтар кімдермен жұдырықтасады
Келесі жаңалық
Алматыда халықаралық фотокөрме ашылды
Өзгелердің жаңалығы