Әрбір сұраққа шұғыл жауап беріледі – Тоғжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында осылай деді.

Мамыр айында карантиннен кейін бірқатар балабақшаларда кезекші топтардың ашылғаны мәлім. Кейін Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан облысында балалар арасында коронавирус тіркелгені анықталды. Сол себепті, қауіпсіздік мәселесі әлі де назарда. Жалпы, вирустың бір баладан тұтас қоғамға таралу мүмкіндігі өте жылдам екенін білесіздер. Ашығын айтқанда, бала – сынып – мектеп – ата-ана – қоғам болып тізбектеліп кете береді. Бұл мәселе Мемлекет басшысының қатаң бақылауында. Оқу процесін жалғастырудың әр кезеңі жіті қаралып, мониторинг қорытындыларын сараптау арқылы жасалуда, - деді ол. 
Ералы Тоғжанов бүгінде қашықтан оқыту жүйесіне байланысты сұрақтардың да көп екенін жеткізді. 
Түсіп жатқан әрбір сұраққа шұғыл жауап беріледі. Алда атқарылар жұмыс көп. Тұрақты оқу жүйесінің тиімділігі, нәтижесі мен сапасы артық екені белгілі. Дегенмен, балалардың амандығы басты міндетіміз. Олар аман болса, арасынан ертең-ақ, Қаныш Сәтбаевтар мен Әлкей Марғұландар шығады, - деді ол.
Айта кетейік, бүгінгі брифинг «Эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, 2020-2021 жылдарға арналған оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбына арналды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы