Ныю-Йоркта әрбір 17 минут сайын бір адам қайтыс болып жатыр – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус әлемде өршіп тұр. Бүгінгі таңда 600 мыңнан астам адам жұқтырған. Өлім көрсеткіші де жоғары. Бұл туралы ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев тікелей эфирде өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Төтенше жағдай кезінде карантин режимін сақтап отырған сіздерге алғыс айтамын. Әрине, карантин режимін бұзған біраз жайттарды анықтап жатырмыз. Біздің мақсат үрей туғызу немесе қорқыту емес. Алайда каратин режимін сақтаудың өте маңызды екенін еске саламыз. Жағдай күрделі, бірақ денсаулықтан қымбат не бар, ағайын?!, - дейді Дәурен Абаев. 


Оның айтуынша, бүгінгі таңда әлемде осы дертпен ауырғандардың саны 600 мыңнан асқан.
 

Вирустың қалай өршіп жатқанын көріп отырған боларсыздар. Мысалы, Ныю-Йоркта әрбір 17 минут сайын бір адам қайтыс болып жатыр. Әлемде осы дертпен ауырғандардың саны 600 мыңнан асты. Өлім көрсеткіші - 4,6%. Бұл өте жоғары деп есептеледі. Бізде соңғы тәулікте төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 124 адам жауапқа тартылды. Заңсыз сатылып жатқан 40 мың маска мен 2000 литр антисептик табылды, - дейді министр. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордада коронавирус пандемиясына шалдыққан екі адамның жағдайы тұрақты, бірақ ауыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы