Райымқұлова: Спорт – ел абыройын асқақтататын, ұлтты ұйыстыратын ғаламат құбылыс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова барша қазақстандықты Спорт күні мерекесімен құттықтады, деп хабарланды министрліктің сайтында.

Елімізде атаулы мереке 2003 жылы 15 қарашада Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың Жарлығына сəйкес тамыз айының үшінші жексенбісі болып бекітілген.

Дана халқымыз ежелден денсаулықты бірінші байлыққа балап, қадірін жете түсінген. Ел азаматтарының дені сау, ойы сергек болуы үшін бұқаралық спортты дамыту мақсатында біршама бағдарлама қолға алынып, арнайы заң жобасы қабылданып жатыр. Спортпен тұрақты шұғылдануды насихаттау біздің кезек күттірмес мақсатымыз деп білемін. Салауатты өмір салты əр адамның күнделікті өмірінің негізгі бір бөлшегіне айналса, денсаулық сақтау саласына тың серпін болмақ. Спорт - ел абыройын асқақтататын, ұлтты ұйыстыратын ғаламат құбылыс. Бүгінде Қазақстан əлемдік қауымдастыққа дүбірлі додаларда атой салып жүрген спортшыларымен танылып келеді. Алдағы уақытта да жүйелі жұмыс пен қыруар шаруа жемісін беріп, атлеттеріміз биік белестерді бағындыра берсін. Бүгінгі мереке қарсаңында осы көлемді жұмысты жеңілдетуге атсалысып келе жатқан спорт журналистеріне жəне өзге де мамандарға алғыс айтамын. Баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс тілеймін!, - делінген министрдің құттықтауында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы