Райымқұлова: Брайль әрпімен баспахана ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2022 жылы елімізде зағип жандарға арналған бедерлі-нүктелі қаріппен жазылған кітаптарды шығаратын баспахана ашылады. Бұл туралы Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова брифингте хабарлады.

Брайль қарпімен жазылған қазақ тіліндегі кітаптар саны кемде-кем. Министрліктің шешімімен биыл және келесі жылы Брайль қарпімен жазылған кітаптар шығаратын баспахананы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана жанынан ашу көзделіп отыр. Биыл дайындық жұмыстары болып жатыр. Бұл жылына 100-ден аса заманауи кітаптарды басып шығаруға мүмкіндік береді. Қазақ тілінде шығатын кітаптардың санын көбейту аясында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр, - деп мәлімдеді министр.

Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде 160 мыңнан астам адам көру қабілетінен айырылған. Ал оларға арналған кітаптарды шығаратын баспахана ашу келесі жылға жоспарланған.

Елімізде 160 мыңнан астам зағип адам бар. Бүгінде 1 республикалық, 5 аудандық, 7 облыстық, 4 қалалық, облыстық әмбебап кітапханалар жанында 5 арнайы бөлім және 111 мүмкіндігі шектеулі пайдаланушыларға арналған пукнт бар. Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханаға көңіл бөлеміз. 50 жылда 33 мыңнан астам адам сол кітапхананың оқырманы болып тіркелген, - деп атап өтті ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы