Райымқұлова жыр эстафетасын әріптестеріне жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл ақиық ақын, «күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын» деп жырлаған, поэзиямызды жауһар жырларымен байытқан Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толып отыр, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.


Осы орайда ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Маралтай Райымбекұлы жолдаған жыр эстафетасын құрметпен қабыл алып, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваға, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдəулетке, барша оқырман қауым мен бауырлас халыққа жолдаймын, - деп жазды министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы