Райымқұлова Ғазиза Əбдінәбиеваның отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова министрлік атынан актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Ғазиза Мəкешқызы Əбдінəбиеваның қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
Пейілі дархан Ғазиза апамыз саналы ғұмырын бекзат өнерге арнап, мағыналы тірлік кешті. Ұзақ жылдан бері театр жəне кино саласында талай тартымды образдарымен талғампаз көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Ғазиза Мəкешқызы түскен «Тоғысқан тағдырлар», «Саранша» сериалы мен «Қауын», «Біржан сал», «Айналайын» жəне тағы басқа фильмдер қазақ кинематографиясының алтын қорынан ойып тұрып орын алды, - деп жазды министр Facebook-те.
Жайдары мінезді, ортасына сыйлы болған өнер майталманының асыл бейнесі қалың қазақтың көңіл төрі мен жүрек түкпірінде мəңгі сақталады.
Марқұмның көзі тірісінде жасаған игі жақсы амалдары алдынан жарылқасын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын, - деді Райымқұлова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздің төрт облысында дауылды ескерту жарияланды
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы