Райымбек пен Кеген ауданының халқы наразылыққа шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Райымбек пен Кеген ауданының тұрғындары Алматы мен Нарынқол күрежолын жауып, наразылыққа шықты.

Оның себебі осыдан екі жыл бұрын басталған. Кеген шатқалындағы 15 шақырым жолдың күреліп, қайта жөндеу жұмыстар  жүргізілмеген. Сонымен қатар осы екі ауданның барлық жолының тозуы себеп болып отыр.

Халық наразылығын басуға Кеген ауданының әкімі келгенімен, ол өз сөзіне өзі қарсы шығып, мардымды ештеңе айта алмады. Бұл жай тезірек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құлағына жетпесе, аудандық, облыстық шенділердің қолынан ештеңе келмейтінін, олардың өтірік уәдесі халықты ашындыра түсетінін айта кеткіміз келеді. Кішкене ғана наразылықтың соңы қаңтардағы жағдайға дейін жеткізгенін ел біледі , - делінген әлеуметтік желідегі халық талабында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы