Ақтоты Райымқұлова Аманхан Əлімұлының əулетіне көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мəдениет жəне Спорт министр Ақтоты Райымқұлова ақын Аманхан Әлімұлының қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтты.

Мəдениет жəне Спорт министрлігінің атынан "Ақиқат" журналының бас редакторы, ақын Аманхан Әлімұлының қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Аманхан ағамыз бірқатар республикалық басылымда қызмет етіп, қара сөздің қадірін түсінетін қарымды қаламгер екенін танытты. "Кездесу", "Жанымның жапырағы", "Ай нұры алақанымда" жыр жинақтары арқылы талғампаз оқырманның ықыласына бөленді. Қазаның арты қайырлы, марқұмның жаны жəннатта болсын!, - деп жазылған көңіл айту хатында.

Бүгін ақын Аманхан Әлімұлы 68 жасында дүниеден өткенін хабарлаған болатынбыз. Ол Қазақстан Республикасының "Мәдениет қайраткері", М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты ("Алаш" сыйлығының), Оңтүстік Қазақстанға Еңбегі сіңген медалімен, "Жандос" атындағы сыйлықтың иегері, "Ұлт патриоты" грамотасымен марапатталған, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы