21 Шілде 2026, 12:23 Фото: BAQ.KZ/Аида Батухан

Рауан Кенжеханұлы: Партиялық тізімге кәсіби тәжірибесі бар жаңа тұлғалар енгізілді

Оның пікірінше, бұл алдағы заң шығару жұмысының сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Орталық сайлау комиссиясы партияның Құрылтай сайлауына ұсынған 186 кандидаттан тұратын партиялық тізімін ресми түрде тіркеді. Брифинг барысында партия өкілі Рауан Кенжеханұлы партия тізімінде тәжірибелі мамандардан құралғанын айтты.

Оның айтуынша, партиялық тізімнің басты ерекшелігі – жаңа тұлғалардың басымдығы.

Біздің шағын талдауымыз бойынша, тізімдегі кандидаттардың 86 пайызы – жаңа адамдар. Сондай-ақ әйелдер, жастар және денсаулығында ерекшелігі бар азаматтардан тұратын заңмен белгіленген квота толық орындалып қана қоймай, артығымен қамтамасыз етілді, – деді ол.

Рауан Кенжеханұлының сөзінше, партиялық тізімге ел үшін маңызды барлық сала мен индустрияның өкілдері енгізілген. Оның пікірінше, бұл алдағы заң шығару жұмысының сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Біз кәсіби парламент қалыптастыру идеясын қолдаймыз. Сондықтан тізімді жасақтағанда өз еңбегімен абырой жинаған, өз саласында тәжірибесі, біліктілігі мен сараптамасы бар азаматтарға басымдық бердік. Олар заң шығару процесінде және алдағы парламент жұмысына нақты үлес қоса алады, – деді партия өкілі.

Ол партия кандидаттарды іріктеу кезінде кәсібилік пен тәжірибеге ерекше мән бергенін атап өтті.