Рақымшылық жасалғандардан соттылық қандай жағдайда алынады?
Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Кеше Мемлекет басшысы «Рақымшылық жасау туралы» заң жобасына қол қойғаны белгілі. Осы орайда Бас прокуратура өкілі рақымшылыққа ілінгендердің арасында кімдерден соттылық дерегі базадан алынуы мүмкін екендігіне тоқталды.
«Рақымшылық жасау туралы заң» бүгіннен бастап құжат заңды күшіне енді. Соттылық теріс қылық жасағандардан, орташа ауыр қылмыс жасаған, ауырлығы онша емес қылмыс жасаған адамдардан алынады, - деп атап өтті Бас прокурордың орынбасары Сенаттың кулуарында журналистерге берген сұхбатында.
Белгілі болғандай, «Рақымшылық жасау туралы» бірреттік заңға сәйкес ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша жазаны өтеу мерзімі қысқартылады.
Егер азамат ауыр және аса ауыр қылмыстар туралы істер бойынша сотталса, бірреттік заңға сәйкес, оның жазаны өтеу мерзімі қысқартылады. Жаза мерзімі ауыр қылмыс жасағандардың үштен төрт бөлігіне, ал аса ауыр қылмыс жасағандардың жартысы қысқартылады, - деді Әсет Шындалиев.
Еске сала кетейік, бұған дейін Бас прокурордың орынбасары рақымшылыққа іліккендердің бостандыққа қашан шығатыны туралы сұраққа жауап берген болатын.