Рәміздер тиісті деңгейде насихатталып жатқан жоқ – Мәлібеков

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай өткізілген рухани-патриоттық кеште Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібекұлы 20 жылдан бері рәміздерді насихаттау биік деңгейде емес екенін айтып жүргенін жеткізді. 

20 жылдан бері біздің рәміздерді насихаттау биік деңгейде емес екенін айтып келе жатырмын. Рәміздер күнін 4 маусымда өткіземіз де, қалған уақытта ұмытып кетеміз. Бірақ биыл шаралар жылдың аяғына дейін өтетін болған соң жастарға түсінікті болатындай насихатты күшейтсек жақсы болар еді. Әңгіме менде емес, әңгіме біздің мемлекеттік рәміздерде, туымызда, елтаңбамызда, әнұранымызда, – деді ол. 

Рухани-патриоттық кеш барысында жазушы-драматург Жолтай Әлмашұлы ұлттық рәміздерді театр мен кино тіліне аударуды ұсынды. Осы орайда, жазушы елтаңбаның шығу тарихы суреттелетін «Шаңырақ арман» пьесасы туралы айтып өтті.  

Былтырғы жылдың күзінде біз «Шаңырақ арман» деген пьеса жазғанбыз. Ол пьеса ұзақ емес, қысқа ғана. Негізгі айтатын ойымыз: Біздің қазақтың шаңырағы – құтты шаңырақ. Оны еш уақытта жерге түсіруге болмайды. Біз шаңырағымызды үнемі жоғары көтерсек, елдігіміз де жоғарылай береді дегенді жеткізу, – деді Жолтай Әлмашұлы. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы