Рамазан айы қарсаңында Телеграм-бот іске қосылады

Бұл туралы баспасөз маслихатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

MuftyatBot деп аталатын Телеграм-ботын іске қостық. Жаңа Телеграм-бот арқылы жалпы діни сұрақтарға жауап алуға болады. Яғни бұл жоба шариғат мәселелері бойынша ақпарат беруге және кеңес ұсынуға арналған, – деді ол.

Сондай-ақ Телеграм боттан Қазақстан бойынша 6 000 елді мекеннің ораза және намаз кестесін жоғары сапада жүктеп алуға болады.

Наурызбай қажы Тағанұлы діни ақпаратты call орталыққа хабарласып білуге болатынын да айтты.

Мүфтият жанындағы Діни ақпарат беру, яғни колл орталығы тәулік бойы жұмыс істейтінін қаперлеріңізге саламыз. Колл орталықтың нөмірі – 8 707 233 30 30, – деді Бас мүфти.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - Архив
Өзгелердің жаңалығы