Рахат-Би Әбдісағин әлемдік пианино концертінде өнер көрсетті
Астана, baq.kz. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпазы Рахат-Би Әбдісағин 12 қаңтарда Италияның Падуя қаласында өнер көрсетті.
Концертті Падуяның ең танымал концертік қауымдастығы Amici della Musica di Padova ұйымдастырды.Чезар Поллини атындағы консерваторияның Master di II Livello-сында оқып жүрген студенттердің концерті С.С. Прокофьевтың шығармашылығына орай өтті. Екі кеш барысында 9 пианино-докторанты, олардың арасында Рахат-Би Әбдісағин де бар, композитордың сонаталарын ойнады.
Қала пианистер үшін айрықша маңызға ие. Себебі Падуяда заманауи фортепианоның прототипін жасаған Бартоломео Кристофори дүниеге келген.
Сондықтан Падуя әлемдік пианино өнерінің тал бесігі болып есептеледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Денисті өлтіргенімді мойындаймын – Қиясов
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы