Railways Systems KZ: бес өндірістік кәсіпорын отандық өндіруші мәртебесін алды
Railways Systems KZ теміржол холдингінің бес кәсіпорны қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Екібастұз бен Петропавл қалаларында орналасқан өндірістік алаңдар локализацияның жоғары деңгейін, нақты өндірістік қуаттардың бар екенін және мемлекеттің өнеркәсіптік саясаты талаптарына толық сәйкестігін растады.
Тізілімге тұтас илемделген дөңгелектер, жылжымалы құрам, бағыттамалық бұрмалар, рельстік бекітпелер және алдын ала керілген темірбетон шпалдар өндіретін кәсіпорындар енді. Бұл ел ішінде теміржол саласы үшін толық өндірістік цикл қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Холдингтің басты артықшылықтарының бірі — өндірістегі автоматтандырудың жоғары деңгейі. Роботтандырылған жүйелер мен өндірістік процестерді цифрлық бақылау өнім сапасының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын күшейтеді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша жүк вагондарының өндірісі 1 525 бірлікке жетті. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 269 пайызға, ал 2023 жылмен салыстырғанда 388 пайызға артқан.
Расталған локализация деңгейі мен рекордтық өндірістік көрсеткіштер Railways Systems KZ холдингінің Қазақстанның көлік егемендігін нығайтудағы тірек кәсіпорын ретіндегі мәртебесін айқындайды.