9 Сәуір 2022 2022, 18:45

Рахмет сіздерге, жігіттер – Головкин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Головкин шоу ұйымдастырушыларына және шоуды тамашалауға келген көрермендерге алғысын білдірді. Ол Риота Муратаның әдемі және табанды күрескер екенін атап өтті.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Головкин шоу ұйымдастырушыларына және шоуды тамашалауға келген көрермендерге алғысын білдірді. Ол Риота Муратаның әдемі және табанды күрескер екенін атап өтті.

Мен барлық жанкүйерлерге, әсіресе Қазақстаннан келгендерге алғыс айтқым келеді. Рахмет сіздерге, жігіттер! Алға Қазақстан!, - деді Головкин.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Жапонияның Сайтама қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаң иесі Риота Муратаны (16-2, 13 КО) жеңген болатын.