28 Тамыз 2024 2024, 17:44 Фото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

«Рахман қайнары» мемлекет меншігіне берілді

«Рахман қайнары» мемлекеттік органдардың балансына берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Рахман қайнары» мемлекеттік органдардың балансына берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Электрондық сауда алаңында «Рахман қайнары» шипажайын мемлекеттік органдардың балансына беру бойынша сауда-саттық өтті.

Сауда-саттық нәтижесінде шипажай Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының балансына берілді.

22 тамызда сауда-саттық өтті. Бүгінгі таңда нысанды қабылдауға мемлекеттік органдардан құралған комиссия барды. Шипажайды шетелдік компанияларға беру жоспарда жоқ, - деп атап өтті ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев.

Айта кетейік, «Рахман қайнары» шипажайы 1964 жылы ашылған. Негізгі емдік фактор - ауруларды емдеу үшін қолданылатын минералды радон сулары.