+18

"Рахман қайнарлары" шипажайының тағдыры не болмақ?

Шығыс Қазақстан облысында орналасқан "Рахман қайнарлары" шипажайы бұған дейін белгілі кәсіпкер, "БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО" АҚ басшысы Анатолий Балушкиннің иелігінде болған. Бұл орын жақында ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының балансына берілді деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Облыстық басқармадан "Рахман қайнарларының" болашағына қатысты ақпарат сұраған едік. Бірақ сауалымыз жауапсыз қалды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, шипажай қазіргі уақытта қаңырап бос тұр.

Қатонқарағай ауданының тумасы, Жазушылар одағының ШҚО филиалының директоры Әлібек Қаңтарбаевтың пікірінше, шипажайдың мемлекет меншігіне өтуі – халық үшін тиімді бола қоймасы анық.

"Рахман қайнары" – табиғаттың баға жетпес байлығы. Алайда бұл жер ұзақ жылдар бойы жекенің меншігінде болып, қарапайым халықтың, тіпті іргедегі Қатонқарағай өңірі тұрғындарының да еркін пайдалануына мүмкіндік аз болды. Қымбатшылық салдарынан көпшілік игілігін көре алмады. Енді "Рахман қайнарының" мемлекет меншігіне өткенін естідік. Бұл өзгеріс халықтың игілігіне қаншалықты оң әсер етерін уақыт көрсетеді. Бастысы, табиғаттың осы бір ғажайып сыйы ел игілігіне шынайы қызмет етуі қажет, - дейді Әлібек Қаңтарбаев.

Оның айтуынша, бұл жерді туристік аймақ ретінде дамыту көңілге күдік ұялатады. Оған себеп, қазіргі таңда халық Қатонқарағай аумағанынан қалаға үдере көшу үстінде. 

visiteast.kz

Минералды суларымен танымал ғажап мекен – 1964 жылы ашылған. Суының құрамында радон, гидрокарбонаттар, натрий, кальций сияқты адам ағзасына пайдалы элементтер кездеседі. Шипалы судың пайда болуы туралы аңыз-әңгімелер бар. Радонды жылы судың буы мен минералдық құрамы түрлі ауруларға ем.

Фариза Талғатбекқызы

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы