Рахимов көшесі жөндеу жұмыстарына байланысты жартылай жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен С.Рахимов көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Осы жылдың 1-7 мамыр аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты С.Рахимов көшесіндегі Ғұмар Қараш көшесінен Кенесары көшесіне дейінгі бөлігі көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.
Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, – делінген басқарма хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы