Радомский: Қазақ елінің тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау баршамыздың парызымыз
Елімізде 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтіледі. Осынау айтулы мереке қарсаңында Қостанай облыстық «Nadzieja» поляктар қоғамының төрағасы Виктор Радомскийдің пкірлесудің сәті туды, деп хабарлайды BAQ.KZ сол өңірдегі тілшісі.
Виктор Радомский осыдан бінеше күн бұрын Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 32-ші сессиясына қатысып қайтқан болатын. Ол осы мемлекет басшысының төрағалығымен өткен алқалы жиында қозғалған мәселелер мен тапсырмаларды орындауда біріліктің озық үлгісін көрсету керектігін айтады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 32-ші сессиясына Республика Президенті қатысып, баяндама жасады. Онда Қасым- Жомар Кемелұлы Ассамблея жұмысын мен жалпы қазақстандық қоғамның дамуына терең талдау жасады. Қазір халықаралық жағдай күрделі екенін баршамыз білеміз. Мемлекеттердің тәуелсіздігі мен егемендігі төңірегіндегі жағдай үлкен сұраққа айналуда. Сондай-ақ, Президент Ассамблеяның атқарған жұмысына өз бағасын берді. Болашақтағы жұмыстарға нақты жоспар бекітілді. Бұл ең алдымен мемлекеттік тәуелсіздікті, елдің тұтастығын, ұлтаралық келісім мен халықтар достығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстардың кешенінен тұрады. Өйткені қазіргі заманда түрлі арам пиғылды БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы сыртқы қарсыластардың арам ойлары күшейді. Ал ол жастарға орасан зор кері әсерін береді. Сондықтан өскелең ұрпақпен жүйелі жұмыс ең маңызды салаға айналып отыр. Өйткені бұл еліміздің болашағы. Қазақ елінің тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау баршамыздың парызымыз,- дейді Виктор Леонидович.
Виктор Радомский айтуына қарағанда, дәл қазіргі алмағайып заманда Қазақстан үшін басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласудан сақтау қажет. Сонымен қатар сыртқы келеңсіз факторлардың біздің ішкі істерімізге қолсұғуына жол берілмеуі қажет деген ұстанымда қалау маңызды болып отыр.
Ассамблея бөлімшелерінің жұмысына жоғары баға берілді. Оның ішінде жастармен жұмыс істеу тұрғысынан озық тәжірибе бары. Оларды атап айтқанда , еріктілер қозғалысы, халықтың мұқтаж, қарт, аз қамтылған топтарына ұлтына, жынысына бөлмей, бір үйдің баласындай қолдан келгенше көмек көрсету осы біріліктің жарқын үлгісі. Біздер секілді қазақ жеріндегі этностар үшін басты мақсат – мемлекетіміздің тұтастығы мен тұрақтылығын сақталуы өте маңызды. Оның үстіне бұрынғы сарынмен жұмыс жұмыс істеуге болмайды. Бізге мүлдем жаңа әдістер,жаңаша көзқарас керек. Қазақ елінің тұрақтылығын сақтауда кез келген этнос өкілдері аянбай қызмет атқару қажет. Біздің біртұтас отбасы екенімізді естен шығармасақ алынбайтын қамал, бағынбайтын белес жоқ. Қандай қиындық болмасын қоғам болып, бұрынғыдан да біргіп, берегейліктің үлгсіне айналу қолымыздан келеді. Сондықтанда баршаңызды 1 мамыр қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүрктен құттықтаймын,- дейді Виктор Радомский.