Рақымбекова ауылда табысты болатын бизнес түрлерін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Жасыл" экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы" ЗТБ басқарма төрағасы Салтанат Рақымбекова онлайн брифинг аясында ауылда табысты болатын бизнес түрлерін атады. 

Мәселен, үй құстарын өсірумен айналысуға болады. 300-400 тауықтың балапанын сатып алып, оны 50 күн күтіп өсірсе, кішкентай балапанды 2500 келіге дейін өсіруге болады. Біздің сарапшылар 50 күнде құстың бір данасына кеткен шығынды айтты. Мысалы, кішкентай балапанның біреуі бастапқы кезеңде 250 теңге тұрса,1000 теңге 90 күндік қорек алуға, ветеринарлық қызмет пен өзге шығындарын жабуға кетеді. Демек, 1 балапанның шығыны 1200 теңге, - деді ол.
 
Оның айтуынша, балапанның салмағы 2500 келіге жеткен соң, оның құны 800-1000 теңгеге артады. 
Әрбір отбасы ауласында 300-500 балапан өсіріп, айына 300-500 мың теңгеге дейін табыс таба алады. Сондықтан да құс шаруашылығымен айналысу берекелі болып отыр. Жылытуды қажет етпейтін маусымдық жылыжайларды ашу да қолайлы. Көктемде жылыжайға көкөніс отырғызып, күзде оның жемісін алуға болады. Осы сынды жобалар Ақмола облысында бар. Тұрғындар аулаларында жылыжай орнатқан. Олар бізге кеңес сұрап келді. Ондай шаруаларға қолдау көрсеттік. Біз бүгін құс, мал өсіру, жылыжай орнату сынды бизнес түрлерімен айналысуға шақырамыз, - деді С. Рақымбекова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы