28 Ақпан 2019 2019, 11:18

ҚР СІМ Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіске байланысты мәлімдеме жасады

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіреді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіреді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан екі ел арасындағы ашық және конструктивті саяси-дипломатиялық диалог қазіргі дағдарыстан шығудың жалғыз тиімді және қолайлы жолы деп санайды", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан тараптарды, ең алдымен, ахуалдың одан әрі ушығуын алдын алу үшін аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің негізгі мүдделеріне негізделген барынша сабырлылық пен халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырады.