ҚР Президентінің сайлауын қолдау туралы бейнеүндеу
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейнеүндеу әлеуметтік желілердегі ұйымның ресми парақшаларында, қауымдастық мүшелерінің парақшаларнына және ірі пабликтерде жарияланатын болады, сондай-ақ телеарналарда көрсетілім болады деп күтілуде. Бұл туралы Қазақстан жастарының конгресі хабарлады.
2019 жылдың 9 сәуір күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.
Сайлау - біздің мемлекетіміздің демократиялық негізі ретінде жастар үшін қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешудің негізгі тәсілі болып табылуы тиіс.
Жастардың сайлауға қатысуы-азаматтық жетілудің, әлеуметтік жауапкершілік пен патриотизмнің көрсеткіші. Біз сайлауға барынша белсенді түрде қатысып, дауыс беру ғана емес, еліміздің мемлекеттік саясатын дамытуға қатысу мүмкіндігіне ие болуымыз керек.
«Қазақстан жастарының конгресі» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын қолдау туралы халыққа бейнеүндеу жарияланды.
Осы бейнеүндеуде Айдын Жұмахан – «Алар» тобының солисті, Болысов Тохтар -«Қазақстан жастары конгресі» ЗТБ атқарушы директоры, Варламова Татьяна – Нұр-Сұлтан қаласы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» директорының орынбасары, Адамбеков Тілектес - «Eurasia Blockchain Fintech Gpour Limited» компаниясының директоры, Гүлмира Шамшетова - жедел медициналық жәрдем қызметінің фельдшері, Бауыржан Расул сияқты 6 жастағы актер бар.
Бейнеүндеу әлеуметтік желілердегі ұйымның ресми парақшаларында, қауымдастық мүшелерінің парақшаларнына және ірі пабликтерде жарияланатын болады, сондай-ақ телеарналарда көрсетілім болады деп күтілуде.
Тәуелсіздік жылдары біздің жарқын болашағымызға жол салынды, одан әрі Қазақстанның бірнеше жылдан, он жылдардан кейін қандай болуы біздің белсенділігімізге, мәдениетімізге, жұмыс жасай білуімізге байланысты.