ҚР президентін ұлықтау рәсімі басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының президентін ұлықтау рәсімі басталды.

Ұлықтау салтанатына  еліміздің қоғам және мәдениет қайраткерлері, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері және басқа да ведомстволардың өкілдері жиналды.



Содан кейін залға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Конституциясы әкелінді.



Айта кетсек, 9 маусымда ҚР президентін кезектен тыс сайлау өтіп, онда кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,96% дауысын жинады. Осылайша, көп дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда жеңіске жетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы