ҚР Премьер-министрі баспасөз қызметінің мәлімдемесі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің ресми сайты instagram әлеуметтік желісіндегі mamin_online аккаунты жалған екенін хабарлады.

"Осы мәлімдеме арқылы instagram әлеуметтік желісіндегі mamin_online аккаунты жалған екенін хабарлаймыз. Тіркеулік жазбаның қолданылуын тоқтату бойынша сәйкес шаралар қабылданды.

БАҚ, сондай-ақ Instagram әлеуметтік желісінің қолданушыларынан тек ҚР Премьер-Министрінің Primeminister.kz ресми сайтында және Фейсбук, ВКонтакте, Твиттер, Перископ және Одноклассники әлеуметтік желілерінде, Ютуб ресми арнасында нақтыланған аккаунттарында орналастырылған ақпаратты пайдалануларын сұраймыз", - делінген таратылған ақпаратта.





Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы