Рәміздер күні мен үшін маңызды мереке – депутат

Алматы, BAQ. KZ тілшісі. ҚР мемлекеттік рәміздер күні мен үшін маңызды, әрдайым атап өтуге тырысамын. Бұл туралы Мәслихат депутаты, саяхатшы Дмитрий Петрухин Алматыда өткен мотошеру кезінде айтты.

Петрухин Қазақстан байкерлері мемлекеттік рәміздер күнін назардан тыс қалдырмай атап өтуге тырысатынын айтады.
Бәрі пандемия, карантинге байланысты Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілмейді деп ойлады. Дегенмен, біз бүгін шамамызға қарай атап өтіп жатырмыз. Бұл мейрамды отбасымда және байкерлер арасында көптеген жылдан бері атап өтудемін. Жалпы байкерлер Алматы қаласындағы барлық мейрамдарға қатысып келеді. Қазақстан халқын бүгінгі мейраммен құттықтаймын, - дейді депутат.


 Сонымен қатар, ол Қазақстанның нағыз патриоты қандай болу керек дегенге пікірін білдірді.


Туды қолға алып қаланы шарлау патриоттық емес. Нағыз патриот елдің дамуына, экономикасына, имиджіне өз үлесін қоса білген адам. Қазір еліміздің дамуына аянбай тер төгіп жатқан адамдар көп, мен оларды мақтан тұтамын, - дейді Д. Петрухин.


 Айта кетсек, бүгін Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне орай мотошеру өткенін хабарлаған едік.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы