Әр қазақстандыққа 2 төлем картасынан келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық банктің мәліметіне сүйенсек, төлем карталарына сұраныс артқан. 2020 жылдың басында айналымда 32,0 млн төлем картасы болды. Оның 57% (18,2 млн) белсенді төлем картасы.

Бұған тұрғындардың карталық өнімдерге сұранысы, мобильді сервистердің дамуы мен банктердің бейілділік бағдарламасының көбеюі әсер еткен.

ҰБ хабарлауынша, төлем караталары арқылы қызмет пен тауар ақысын төлеу инфрақұрылымы дамып келеді. Төлем карталарын қолданатын кәсіпкерлер де көбейген.

2019 жылы 96 428 кәсіпкер 134 484 сауда нүктесіне 161 690 POS-терминал орналастырған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы