АШМ 81 тонна ресейлік банан өнімдерін өткізбеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың алғашқы аптасында Ақмола, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстық аумақтық өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Ресей Федерациясынан ел аумағына қауіпі жоғары өнімдерді заңсыз алып кірудің 8 жағдайын анықтаған.
Көрші Ресей елінен фитосанитариялық сертификаттары болмаған 81 тонна банан, 37 тонна картоп және 20 тонна сәбіз өнімдері, сондай-ақ қаптамасында таңбасы болмаған 3 тонна бидай тұқымдары кіргізілмек болған.
Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тыйым салынған. Жүктер Ресей Федерациясына еліне кері қайтарылып, сонымен қатарЕстеріңізге сала кетейік, дәрігерлер "ауру жұққан банандарға" қатысты түсініктеме берген еді.
кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауғанстанда 83 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады
Өзгелердің жаңалығы