ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Данияр Нұрашұлы Есин берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлады ҚР Үкіметінің ресми сайты.
Данияр Есин 1981 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. ҚР Қаржы полициясы академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Әр жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасында жұмыс істеді: басшының орынбасары, басшы лауазымдарын атқарды.
2016-2018 жылдары - Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы. 2018 жылғы наурыз айынан 2019 жылғы маусымға дейін Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасын басқарды.
2019 жылғы маусымда ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоғжанов: Журналистер – қоғамның қозғаушы күші
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы