Қызық қуған турист танымал курортта өлі күйінде табылды
Кореядан Таиландқа қыдырып барған 64 жастағы турист Пхукеттегі спа-салондардың бірінен өлі күйінде табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
The Phuket News таратқан ақпаратқа сәйкес, зейнеткер әйелі және екі әпкесімен бірге түрлі процедураларды қабылдаған. Әйелдер қауымы тай массажын таңдаса, ер адам саунада демалуды құп көрген.
Кейінірек орталыққа келген басқа адам Пакты ес-түссіз күйінде тапқан, ер адамның басы мен денесінде қызыл бөртпелер болған.
Салон қызметкерлері оған алғашқы көмек көрсетуге тырысқанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.
Жергілікті полиция істі бақылауға алып, тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Темір жол рельсінен адамның мәйіті табылды
Өзгелердің жаңалығы