Қызылжарлық 7 жасар қыз қажылыққа жолдама ұтып алды

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Қызылжарда Құран оқудан жарыс өтті. Діни сайысқа қатысушылардың ең кішісі 7 жасар Мухсина Зулфиқарова үздік атанып, Умра қажылығына жолдама ұтып алды.  

Сайыста 7 және 24 жас аралығындағы қатысушылар бақ сынасты. Облыстың түкпір-түкпірінен жиналған 100 адам арасынан құран оқудан мықтылар анықталды. Қазылар алқасы 3 номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады. Сайыскерлер арнайы тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап берді.

«Жүз жылдығынды ойласаң ағаш ек, мың жылдығынды ойласаң ұрпақ тәрбиеле» дейді халық даалығы. Бүгінгі шараның мақсаты – жастардың иманын күшейту. Олар дін қызметкері болсын деген мақсатымыз жоқ. Болашақта дәрігер, заңгер немесе тағы басқа мамандық иесі болса да, балалары иманды елдің болашағы бар, - дейді СҚО бас имамы Хамзат Қажымұратұлы.

Сайыскерлерге әр бағыт бойынша алты орын берілді. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табысталды. Құран оқуда ең үздік атанған 7 жасар Мухсина Зулфиқароваға кіші қажылыққа жолдама берілді. 

Құран оқу сайысы Қызылжар орталық мешітінде осымен екінші рет ұйымдастырылды. Имамдар игі шара дәстүрге айналатынын жеткізді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы