Қызылжарда жаңа саябақтар қолданысқа берілуде
Қызылжарда тасқыннан зардап шеккен шағын аудандарда 74 саябақ бой көтерді. Солардың бірі – Ойқала мен Былғары кентінде жаңа скверлер пайдалануға берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталған скверлер – былтырғы су тасқынынан зардап шеккен аумақтарды ауқымды абаттандыру жұмыстарының бір бөлігі. Барлық аудандар мен қала бірлесіп, Ойқала мен Былғары кентінде 74 скверді абаттандыру жобасын жүзеге асыруда. Мұнда кіші архитектуралық формалар, орындықтар, жарықтандыру, серуендеуге арналған аймақтар, балалар мен спорт алаңдары, волейбол және футбол алаңдары орнатылуда.
Аудан мен қала кәсіпкерлеріне көрсеткен қолдаулары үшін ерекше алғыс айтамыз — бұл қаламыздың дамуы мен көркеюіне қосқан үлкен үлес. Мұнымен тоқтап қалмаймыз. Күзде бос жерлерге ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Ойқалада футзалға арналған екі модульдік спортзал салынатын болады, – деп атап өтті өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы