Қызылжар өңірінде 5 млн тонна астық жиналды
Солтүстік Қазақстан облысында 5 млн тоннадан астам астық жиналды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Бұл жалпы көлемнің 87%. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы басқармасы мәлімдеді. Қазір кейбір диқандар бидайдан майлы дақылдарға көшті. Өңірде 46 элеватор жұмыс істеп тұр. Ылғалды өнімді кептіру үшін оларға Үкіметтен арзандатылған жанар-жағармай мен сұйытылған газ бөлінді.
Мамандардың айтуынша, астық қабылдау орындарына түскен «сары алтынның» жартысына жуығы жоғары сұрыпқа жатады.
Толассыз жауған жаңбыр кесірінен орақ науқаны кешігумен келе жатыр. Бірақ жиын-терім барысы едәуір қарқын алды. Өнім берекелігін айтар болсақ, кейбір шаруашылықтар гектарынан 40-50 центнерден бидай жинап жатыр, - дейді Ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы Анастасия Харламова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы