Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау басталды

Қазақстанда қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылдың басынан бастап республика бойынша қызылшаның 12 671 жағдайы тіркелді, оның ішінде 10 563 науқас 14 жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер – 354, ересектер – 1 754.

70% немесе 8 866 жағдай вакцинацияланбаған балаларға тиесілі, екенін, оның ішінде вакцинациядан бас тарту себебінен – 5 286, медициналық қарсы көрсетілімдер – 1 555, егу жасына жетпеу – 1 930, өзге себептер – 93 екенін айта кету керек. Тағы 16% немесе 2 062 жағдай белгісіз вакцинациялау мәртебесі бар адамдар.

Қызылшаны тіркеу елдің барлық өңірлерінде байқалады.

Қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін шұғыл ден қою шаралары қабылданады.

Қазақстан Республикасының халқының арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу және елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында "Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы № 7 қаулысы шығарылды.

Көрсетілген қаулыға сәйкес ағымдағы жылғы 6 қарашадан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚКП) қарсы 6-11 айлық балаларға, желтоқсаннан бастап – қызылшаның егу мәртебесіне қарамастан 2-4 жастағы балаларға қосымша жаппай иммундауды (ҚЖИ) жүргізуді бастау жоспарлануда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы