Жыл басынан бері елімізде қызылшадан 15 адам қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көбісіне денсаулығына байланысты екпе жасалмаған, енді бірінің ата-анасы бас тартқанЖыл басынан бері республикада 15 адам қызылшадан көз жұмды, олардың көбі – балалар, деп хабарлады Almaty.tv.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, былтырдан бері қызылшамен ауырған адамдар саны көбейген. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, Еуропа елдерінде де байқалып отыр.
"Бұл жаңа штаммдардың енуімен байланысты болды. 15 адам көз жұмды, негізінен, балалар. Көбісіне денсаулығына байланысты екпе жасалмаған, енді бірінің ата-анасы бас тартқан. Яғни, ең алдымен, қорғалмаған балалар зардап шегеді. Сондықтан бүкіл әлем жаппай вакцинация жүргізеді", - деді Біртанов мәжілісте "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасын таныстырғаннан кейін.Ал бас мемлекеттік санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің сөзінше, 2018 жылдың қарашасы мен 2019 жылдың 9 айы аралығында 19 адам қызылшадан көз жұмған. Адам өлімі ең көп Нұр-Сұлтан қаласында (14 адам) тіркелген.
Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі екпе алмаған бүлдіршіндерді балабақшаға қабылдауға тыйым салуды ұсынды. Жаңа норма "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске енгізілген. Десе де, заң жобасында балаларына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналар үшін қандай да бір жауапкершілік қарастырылып отырған жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Индустриялық мамандықтарды даярлауға бағытталған шығыстарды 8 млрд теңгеге төмендету ұсынылды
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы