Қызылсай – Шымкент өткелінде жүк көлігі мен тепловоз соқтығысты
Бүгін, 8 тамыз күні сағат 04:30-да Қызылсай – Шымкент теміржол өткелінде HOWO жүк көлігі мен маневрлік тепловоз соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші теміржол өткелінен өту кезінде жол қозғалысы ережесін бұзып, жақындап келе жатқан жылжымалы құрамға жол бермеген.
Оқиға салдарынан адам өлімі тіркелген жоқ, жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
Апат жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне әсер етті: үш бағыттың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Сағат 07:18-де учаскеде пойыздардың жүруі толықтай қалпына келтірілді.
"Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе теміржол өткелдерінен өту кезінде аса мұқият болуға шақырады. Ережелерді елемеу материалдық шығынға ғана емес, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әзербайжан мен Армения Ақ үйде бейбіт келісімге қол қояды
Өзгелердің жаңалығы