Қызылордалық құтқарушылар екі облыста авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде

Қызылордалық құтқарушылар Қостанай облысы Жангелді ауданындағы Сарысу елді мекеніндегі судың келуін бөгеу жұмыстарына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Қызылорда облысы ТЖД-не сілтеме жасап.

Дәлірек айтқанда олар ауыл тұрғындарымен бірге 700-ден аса қапқа құм толтырып, судың келу жолын бөгеді.

Су тасқыны орын алған Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке ауылында үйінде төсек тартып жатқан 1960 жылы туған науқас адамды құтқарушылар зембілге салып алып көтеріп, қайықты пайдалана отырып, құрғақ аумаққа жеткізіп, медициналық жедел жәрдем мамандарына тапсырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қызылорда облысы ТЖД
Өзгелердің жаңалығы