7 Сәуір 2024 2024, 23:13 Фото: скрин

Қызылордалық құтқарушылар Ақтөбеден Қостанайға қарай жолға шықты

Қызылорда облысының ТЖД қызметкерлері Ақтөбе облысындағы Әйтеке би ауданының Әйке ауылындағы эвакуациялау-құтқару, көмек көрсету жұмысын тәмамдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылорда облысының ТЖД қызметкерлері Ақтөбе облысындағы Әйтеке би ауданының Әйке ауылындағы эвакуациялау-құтқару, көмек көрсету жұмысын тәмамдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталмыш жұмыстарды жалғастыру мақсатында, орталық штабтың тапсырмасына орай олар Қостанай облысына қарай жолға шықты.

Ақтөбе облысындағы әріптестер Қызылорда өңірінен келген құтқарушыларға алғыс білдірді.