Қызылордалық "Қайсар" сатылады

Жасыл алаңда қызылордалықтардың намысын қорғап жүрген "Қайсар" командасы сатылымға шығады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ермұхамед Мәулен Телеграмдағы парақшасында жазды. Айтуынша, 2024 жылдың 23 қаңтарынан бастап сатылымға шықпақ.

Бастапқы баға - 1,6 млрд теңгені құрайды. Бастапқы жарна болса, 252 млн теңгені қамтиды. Сатып алам деушілер барлық талаппен электронды сатылымдар сайтында танысып шыға алады, - деп жазады ол.

Бұл ақпаратты "Қайсар" футбол клубының баспасөз хатшысы да растады.

"Қайсар" командасы осы уақытқа дейін "Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының" балансында болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы