Қызылордалық өнертапқыш: Су арқылы электр қуатын алуға болады

Қызылордалық өнертапқыш су арқылы электр қуатын алатын құрылғы ойлап тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.

Мектеп кезінен мүмкін емес, қызықты дүниелерге қызығушылығым туды. Содан бері түрлі салада тың жобалар жасап, түрлі құрылғы жасап келемін. Соның бірі – электр қуатын беретін құрылғы. Бұл құрылғы арқылы ауылдарды, алыс-шет аймақтарды судың көмегімен электр қуатын ала отырып, жарықпен қамтамасыз етуге болады. Негізгі беретін күш қуаты – 220 вольт 10 киловат,-дейді өнертапқыш Марат Палмахов.

Алғашында құрылғы 3 литр сумен жүзеге асатын. Қазір оның көлемін ұлғайтып, қайта жинақтапты. Қазір 50 литр судан көлемді электр қуатын алуға болады. Соның арқасында кез келген тоқты өлшеусіз пайдалана алады.

Сондай-ақ өнертапқыш Алматы қаласын түтіннен құтқаратын құрылғыны жасап жатқанын жеткізді.

Ауаны түтіннен тазартатын құрылғымның жобасы дайын. Әзірге бұл жобам тоқтап тұр. Күзде қайта қолға алуды жоспарлап отырмын. Қазіргі мақсатым генераторды сатылымға шығару,- дейді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы