Қызылордалық кәсіпкер жылына 200 тонна пенопласт шығарады

Қызылорда қаласында қазір құрылыс саласы қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соған сай жергілікті құрылыс өнімдеріне деген сұраныс жоғары.

Қызылорда облысы әкімдігінің мәліметінше, өз кәсібі арқылы аймағымыздың дамуына үлесін қосып жүрген «CK AYA-ZHAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Мекеме 2019 жылдан бастап пенопласт және полистирол бетон өндірісімен айналысып келеді. 2022 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік бағдарламаның көмегімен, яғни «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржы ұйымы арқылы 10 млн теңгеге қолдау алып, шикізат сатып алған. Бүгінде 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Бұл - отбасылық кәсіп. Цехта өндірілген өнімнің қуаттылығы жылына 200 тоннаны құрайды. Пенопласт Ресейден сатып әкелінетін полистирол материалынан өндіріледі. Қыс мезгілінде үйді жылы, жаз мегілінде салқын ұстап тұру үшін құрылысқа қолданатын пенопласт өніміне құрылыс компаниялары мен жергілікті тұрғындардың сұранысы жоғары. Шығарылған пенопласт өнімдерін облыс аудандарына, Түркістан, Жезқазған, Шымкент, Ақтөбе облыстарының тұтынушыларына да жіберудеміз. Алдағы уақытта құрылыс материалдарының барлық түрін шығару арқылы 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз, – дейді мекеме директоры Нұржан Болатұлы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы